Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусьтің «Слуцк» футбол клубында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Беларусь чемпионатының бірінші турындағы «Гомелге» қарсы өз алаңындағы ойында (1:1) болды.

25 жастағы Оралхан Өміртаев алаңға негізгі құрамда шығып, матчтың 66-минутында ауыстырылды.