Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет As басылымына берген сұхбатында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матч туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

— Плей-офф матчтары жайлы не айтасыз? Қысым бар ма?

— Иә, әсіресе Қазақстанға қарсы өз алаңындағы алғашқы матч. Олар плей-офф кезеңіне жайдан жай шыққан жоқ, оларға құрметпен қарау керек, — деді Пойет.

Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы ойын 21 наурыз күні Афинада өтеді. Бұл текетірестің жеңімпазы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің финалында Грузия — Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі.