«Ақтөбе» 29 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельскийдің кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорғаушымен келісім шарт екі жақтың келісімімен бұзылды.

Рудосельский «ақ-қызылдардың» сапында бар болғаны екі матч өткізді. Бұған дейін Рудосельский Армения чемпионатында өнер көрсетсе, Қазақстанда «Қайрат», «Оқжетпес», «Қайсар» командаларында доп тепті.