Сербия астанасында өтіп жатқан «Белград жеңімпазы» турнирінде қазақстандық боксшылар жартылай финалдық жекпе-жек өткізіп, оның қорытындысы бойынша финалға шыққандар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында Қазақстан намысын сегіз боксшы қорғайды: Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Ташкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл. Жақпеков (80 келі) , Данияр Рахымбердинов (92 келі) және Олжас Боқаев (+92 келі).

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Белградтағы турнирге қатысуға өтінімінде бастапқыда он екі спортшы болды - төртеуі финалға шыға алмады, олар: Оразбек Асқылов (57 келі), Бийбарыс Жексен (60 келі), Ерасыл Танқай (63,5). келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі).