«Наполи» жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелиямен келісімшартты ұзартқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Николо Скираның ақпараты бойынша, клуб грузин футболшысына 2029 жылдың жазына дейін келісім ұсынуға дайын. Олар сондай-ақ ойыншының жалақысын жылына 4 миллион еуроға және 1 миллион еуро көлеміндегі бонустарға дейін көтеруге дайын.

Кварацхелияның қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Осы маусымда 23 жастағы жартылай қорғаушы «Наполи» сапында 37 матч өткізіп, 10 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшыны 80 миллион еуроға бағалап отыр.