«Манчестер Сити» «Ньюкаслдың» 26 жастағы жартылай қорғаушысы Бруно Гимарайншты сатып алу үшін 115 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS мәліметінше, «қалалықтар» бразилиялық футболшының трансферін талқылау үшін оның айналасындағылармен байланыс орнатқан.

«Манчестер Сити» үш төлемге бөліп 115 миллион еуро төлегісі келеді.

Команда жартылай қорғаушы Родриго Эрнандеске түскен қысымды азайту үшін тіреуші жартылай қорғаушы позициясына қосымша ойыншы алғысы келеді.