Қазақстандық боксшысы Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінде өнер көрсетті, онда ирландиялық боксшы Каллум Уолшпен (9-0, 7 КО) кездесті. Орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа созылды және тоғызыншы раундта Уолш техникалық нокаутпен Елеусіновті жеңді.

Айта кетейік, Каллум Уолш кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Дәурен Елеусінов кәсіпқой рингтегі төртінші жеңілісіне ұшырады. Бұл Дәурен үшін қатарынан екінші жеңілісі Қазан айында ол танзаниялық Пиус Мпендеден (9-2, 4 КО) жеңіліп қалған болатын.