Семейдің «Елімай» командасы 28 жастағы ресейлік қорғаушы Егор Сорокинмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы ресейлік қорғаушы Санкт-Петербург футбол мектебінің түлегі. «Тосно», «Нефтехимик», «Краснодар» және «Ақтөбе» футбол клубтарында ойнаған.

Сонымен қатар, қорғаушы «Краснодармен» бірге Ресей чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ресей құрамасы сапында 1 ойын өткізді. Егор семейлік командаға «Рубиннен» ауысты.