«Байердің» бас бапкері Хаби Алонсо журналистердің Еуропа лигасының басты фавориті кім деп санайтыны туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл сұрақтың жауабы мен үшін айдан анық. «Менің ойымша, «Ливерпуль» Еуропа лигасының басты фавориті», - деп келтіреді Алонсоның сөзің инсайдер Фабрицио Романо.

Алонсо тізгіндейтін «Байер» турнирдің 1/8 финалында «Қарабахты» артта қалдырды. «Ливерпуль» Праганың «Спартасын» жалпы 11:2 есебімен жеңді.