Бішкек қаласында 11-16 сәуір аралығында өтетін күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 327 медаль еншілеген. Оның - 88-і алтын, 89-ы күміс, 150-і қола. Медаль саны жөнінен жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді.

Былтыр құрлықтық дода Астана қаласында өтті. Онда ел құрамасы 7 алтын, 4 күміс, 9 қола медаль алып, барлығы 20 жүлдені еншіледі.

Биыл Азия чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық балуандардың тізімі:

Грек-рим күресінен55 келіде - Кабдырахимов Нұрзат60 келіде - Қабдунасаров Ғалым63 келіде - Жарлыкасов Ержет67 келіде - Аманбек Алматбек72 келіде - Хапко Николай77 келіде - Магомадов Ибрагим82 келіде - Поливадов Евгений87 келіде - Тұрсынов Нұрсұлтан97 келіде - Мациев Иусуф130 келіде - Шадукаев Мансур

Еркін күрестен57 келіде - Қартбай Мейрамбек61 келіде - Айтақын Асыл65 келіде - Мұхтар Санжар70 келіде - Аширов Меиржан74 келіде - Талғат Сырбаз79 келіде - Өміржанов Азамат86 келіде - Дәулетбеков Азамат92 келіде - Давлумбаев Адлет97 келіде - Айтмұхан Ризабек125 келіде - Совет Абылай

Әйелдер күресінен50 келіде - Жәнібекова Ирина53 келіде - Маркашева Аяжан55 келіде - Яхьярова Зульфия57 келіде - Алмағанбетова Лаура59 келіде - Каюмова Диана62 келіде - Дүбек Тыныс65 келіде - Казюлина Ирина68 келіде - Бақбергенова Мәдина72 келіде - Панасович Анастасия76 келіде - Сыздықова Элмира

Азия чемпионатынан кейін 19-21 сәуірде Бішкек қаласында құрлықтық іріктеу турнирі болады. Оған еліміздің атынан 5 балуан қатыса алады.