Бұрынғы UFC файтері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов Prosports.kz сайтына октагонда алған ауыр жарақаты, оған ота жасалуы және оңалтуының қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді.

«Менде бәрі жақсы, Әлхамдулиллах. Рақмет. Иә, бір апта бұрын маған ота жасалды. Енді - оңалту болады. Енді дүйсенбіде қайта МРТ тапсырамын - не боларын көре жатармыз.

Мәскеуге бір жарым күн ғана бардым. Маған ота жасалды – операция шамамен 40 минутқа созылды. Кейін бірден үйге ұшып кеттім. Үйде емделіп жатырмын. Дәрігермен үнемі байланыстамын», - деді танымал файтер.

24 ақпанда Жұмағұлов (16-9) Naiza FC 57 турнирінде америкалық Кливленд Маклинді (17-12) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Файтер бірінші раундта жарақат алған еді.