22-25 наурыз күндері Астанада көркем гимнастикадан Elorda Cup турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа қатысушылар жекелей және топтық сында өзара мықтыларды анықтайды.

Жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастикадан қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Айта кетейік, бұл жарыс әлемдік Федерация лицензиясы бар гимнасттар келетін көркем гимнастика бойынша лицензияланған турнир болмақ.