Геннадий Головкин аргентиналық жанкүйері, "La Golovkina" лақап атымен рингке шығып жүрген боксшы София Роблеспен кездесіп, фотоға түсті.

Головкин аргентиналық боксшымен Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде кездескен көрінеді. София Роблес "GGG"-мен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялады.

- Менің арманым орындалды, кумирім Геннадий "GGG" Головкинмен кездестім, – деп жазды София X желісіндегі парақшасында.