Қазақстандық ММА файтері Олжас Есқараев BRAVE CF лигасымен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менде жаңа келісімшарт бар. BRAVE CF-ден. Бес жекпе-жекке есептелген. Әзірге келесі жекпе-жекке қарсылас берілген жоқ. Күні де белгісіз. Менің ойымша, шамамен мамыр-маусымда», - деді Есқараев.

Есқараев кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы 5 желтоқсанда BRAVE CF 77 турнирінде өткізіп, екінші раундта ресейлік Руслан Тедеевті (13-4) жеңген еді.

Қазақстандық файтердің еншісінде ММА-де 15 жеңісі мен жеті жеңілісі бар.