Prosports.kz назарларыңызға Қазақстан - Түркіменстан матчынан фоторепортаж ұсынады.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жабық түрде өткен бақылау ойын Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды.

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есептті ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.