Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Оңтүстік Корея спортшысы Хон Сон Чханмен жұптасып, Финикстегі (АҚШ) «Челленджерді» сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымдағы матчта Бейбіт Жукаев пен Хонг Сон Чан америкалық Митчелл Крюгер мен Денис Кудламен кездесіп, 3:6, 6:3, 7:10 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық теннисші Феникстегі турнирдегі өнерін аяқтады. Бұған дейін Бейбіт жекелей сында жеңіліп қалған болатын.