Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайдағы оқу-жаттығу жиынында Түркіменстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жабық түрде өткен бақылау ойын Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды.

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есеп ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды.

Қазақстан - Түрікменстан 2:0

Голдар: Чесноков 2, Зуев 47