қазақстандық теннисші Анна Данилина Чарльстонда (АҚШ) өтіп жатқан Челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Данилина мен Шуай бразилиялық Ингрид Мартинс пен белорус Лидия Морозовамен кездесіп, оларды екі сетте – 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан-Қытай жұбы Далайна Хьюитт/Мария Матаес (АҚШ) жұбына қарсы ойнайды.

Әлемдік жұптық рейтингте қазақстандық спортшы Анна Данилина 56-орында және Қазақстанның бірінші ракеткасы.