Бас бапкері қазақстандық маман Владимир Чебурин Вильнюстің «Жальгирисі» футболдан Литва чемпионатының үшінші турындағы ойында сырт алаңда «Банганы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:1 есебімен «Жальгиристің» пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Ливиу Антал (22-минут), Адама Фофана (31-минут), Гидриус ​​Матулевичиус (60-минут) және Армин Ходжич (67-минут) мергендік танытты. Алаң иелерінің жалғыз голын Вилиус Пилукайтис (37-минутта) соқты.

Осы жеңістің арқасында «Жальгирис» жеті ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орыннан бірінші орынға көтерілді.