«Астана» баскетболшылары Самарада ВТБ Біріккен лигасының кезекті маусымындағы матчта жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 84:63 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

ВТБ Біріккен лигасы. 31-ші тур

«Самара» - «Астана» 84:63 (31:16, 10:25, 25:12, 18:10).

Самара 31 кездесуде 17 жеңіске жетіп, 2-орынға тұрақтады. «Астана» 7-орында (31 ойында 11 жеңіс).