Әлемнің бірінші ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швятек Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде өзін кем дегенде 99 апта көшбасшылыққа кепілдік берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Чарлстондағы турнирге әлемнің екінші ракеткасы беларусьтік Арина Соболенко қатыспауы шартымен болады. Осылайша, поляк спортшысы жақын арада рекордшылар тізімінде америкалық Линдси Дэвенпортты басып озып, тоғызыншы орынға көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ига Швентек Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалында қазақстандық Юлия Путинцеваны 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын. Ширек финалда поляк спортшысы Дания өкілі Каролин Возняцкиге қарсы ойнайды.