Бүгін Италия, Милан-Турин жолдарының бойында өтіп жатқан жыл сайынғы бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста EF Education-EasyPost өкілі италиялық Альберто Беттиол жеңіске жетті. Екінші және үшінші нәтижелерге БАЭ Team Emirates командасының швейцариялық шабандоздары Ян Кристен мен Марк Хирши қол жеткізді.

«Астана» шабандозы Алексей Луценко мәреге 11-ші болып жетті.