Футболдан Қазақстан кубогында дау шықты. Алматылық «Хан-Тенгри» Қазақстан кубогы алдын ала кезеңіне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, алматылық клуб Шымкенттегі стадион алаңының сапасы өте нашар екенін алға тартқан.

Команда турнирдегі алғашқы матчтын павлодарлық «Ертіске» қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. Сол ойында «Хан-Тенгридің» бірқатар ойыншысы жарақат алған.

Айта кетейік, Шымкентте өтіп жатқан бастапқы кезеңдеріне қатысу ақылы, алаңды жалға алу, төрешілер жұмысы және басқа да қызметтерге ақша төленеді. Сонымен қатар, жаттығу жасау үшін алаң жетіспей жатқаны да хабарланған.