Қазақстан құрамасының және қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков 2023 жыл немен есте қалғанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

– Сіз үшін 2023 жылда не есте қалды?

– Ең есте қалатын сәт еурокубок матчтары болды, ол маған ойын тұрғысынан да, эмоциялық жағынан да белгілі бір «серпін» берді. Мен үшін өте қызықты болды. Тобылға ауысқанда әлеуметтік желідегі пікірлерді оқыдым. Адамдар менің кім екенімді білмей, Беларусь чемпионатында соңғы команданың ойыншысы неге қостанайлық клубқа ауысты деп таң қалды. Маған ешқандай қысым болған жоқ. Керісінше, маған оңайырақ болды: үндемей өз жұмысымды істеп, алға ұмтылдым.

Естеріңізге сала кетейік, қостанайлық Тобылдың жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков 2023 жылдың жаңалығының бірі болды: клуб сапында 34 матчта жартылай қорғаушы сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Қыркүйек айында Чесноков Қазақстан құрамасының сапында дебют жасап, қарашада Сан-Мариноға қарсы ойында дубль авторы атанды.