Палестиналық футболшы Мұхаммед Баракат 11 наурызда Газа секторында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, 39 жастағы ойыншының Хан Юнистегі үйін Израиль бомбалаған.

Спорттық мансабында 114 гол соғып, «Хан Юнис аңызы» атанған Баракат Палестина құрамасы сапында үш ойын өткізген.

Ол жергілікті лигада Ахли Газа командасында ойнады. Ол соңғы голын өткен жылдың тамыз айында соқты.