Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шыққан тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барселона» өз алаңында Италия чемпионы «Наполиді» 3:1 есебімен ұтты. Италиядағы алғашқы ойын 1:1 аяқталған еді.

Ал, «Арсенал» португалиялық «Портуды» зор қиындықпен жеңді. Португалияда 1:0 есебімен ұтқан «Порту», Лондонда да айтарлықтай қарсылық танытты. Ағылшындар бұл жолы 1:0 ұтып, жеңімпаз пенальти сериясында ғана анықталды. «Зеңбірекшілер» 4:2 басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.