Түркіменстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің наурыз айындағы Иран құрамасына қарсы матчт алдында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Дубайға (БАӘ) келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 наурызда Түркіменстан құрамасы Қазақстанмен бақылау кездесуін өткізеді. Одан кейін бас бапкер Мерген Оразовтың командасы Иранмен екі рет – 21 наурызда Тегеранда және 26 наурызда Ашхабадта ойнайды.

Қос тараптың шешімі бойынша Қазақстан мен Түркіменстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу жабық форматта өтеді.