Египет астанасы Каирде қазіргі бессайыстан әлем кубогі кезеңі өтті. Қазақстан командасы аралас эстафетада екінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов қорғады. Олар 1337 ұпай жинап, турнирді күміс медальмен қорытындылады.

Бірінші орында 1350 ұпаймен Мексика орналасса, Оңтүстік Корея 1322 ұпаймен үздік үштікке енді.