Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында OCTAGON 56 турнирінде қазақстандық танымал актер Еркебұлан Тоқтардан (7-3) жеңіліп қалған өзбекстандық файтер Одилхон Камоловтың (4-3) мәлімдемесі жарияланды, деп жазады Prosports.kz

«1-1. Ішім ауырып тұрып қазақ халқының алдында үш раунд күрестім. Үшінші шайқаста басқа Одилхонды көруді Алла нәсіп етсін. Қолдау білдіріп, алаңдағандардың бәріне рақмет», — деді өзбекстандық файтер.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Камоловпен реваншта төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен басым түскен болатын. 2022 жылы жазда OCTAGON 33 турниріндегі алғашқы жекпе-жекте өзбекстандық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.

Төменде Тоқтар мен Камолов арасындағы екінші жекпе-жектің толық видеосын көре аласыздар:

Айта кетейік, 19 сәуірде Алматыда OCTAGON 57 турнирі өтеді, онда Дамир Төленов, Сүндет Айтқұл, Аян Тұрсын және т.б. спортшылар өнер көрсетеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясыOCTAGON 57 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink