Әлемнің жетекші лигасы Ultimate Fighting Championship (UFC) Майамиде (АҚШ) өткен UFC 299 турнирінен кейін салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (19-2) өнер көрсетті. Бұл оның UFC-дегі екінші жекпе-жегі болды. Асудың қарсыласы американдық Си Джей Вергараға болды. Жекпе-жекте Алмабаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті (30:27).

Сенімді жеңіске қарамастан қазақстандық спортшы жеңіл салмақтағы топ-15 қатарына кіре алмады.