Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко мен бразилиялық Дутра Да Силва Ресифиде (Бразилия) теннистен ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық-бразилиялық жұп бразилиялық жұптар – Луис Бритто мен Сараива Дос Сантосты 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Жекелей сында Дмитрий рекордтық сериясын ұзарта алмай, қатарынан 24-жеңісіне қол жеткізді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық теннисші аргентиналық Хуан Пабло Фиковичтен 4:6, 7:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Попко бұған дейін АҚШ-та ITF бойынша үш турнирде қатарынан жеңіске жетіп, Аргентинадағы турнирдің финалына шыққан болатын, онда ауа райының қолайсыздығына байланысты шешуші кездесу өткізілмей, ұйымдастырушылар жүлде мен рейтинг ұпайларын финалистер арасында бөлісті.