Белгілі MMA инсайдері, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф Prosports.kz сайтына қазақстандық Асу Алмабаевты UFC-дегі екінші жеңісі туралы ойын айтты.

«Ол өте жақсы күреседі. Менің ойымша, Асу Топ-15-тегі көптеген жігітті жеңе алады. Оның келесі қарсыласы Су Мудаэрджи (Тибет текті қытайлық боксшы, ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде 15-орында тұр, рекорды - 16-6, Prosports.kz) болуы мүмкін. Алмабаевтың соққы техникасы да жақсы деп ойлаймын. Менің ойымша, ол күрес шеберлігімен октагондағы жағдайды өзгерте алады. Генри Хоофтпен бірге жаттығудың пайдасы мол», - деді сарапшы.

Айта кетейік, Қазақстан уақыты бойынша 10 наурыз күні таңертең Алмабаев (19-2) Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараны (12-5-1) жеңді.