OCTAGON 56 турнирі аясында өткен танымал қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (7-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (4-3) арасындағы реванштың видеосы жарияланды, деп жазады Prosports.kz.

Реванш 10 наурызда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, Еркебұлан Тоқтар төрешілер шешіммен жеңіске жетті.

2022 жылы жазда өткен OCTAGON 33 турнирінде қарсыластар алғаш рет кездескен, онда өзбек спортшысы жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, 19 сәуірде Алматыда OCTAGON 57 турнирі өтеді, онда Дамир Төленов, Сүндет Айтқұл, Аян Тұрсын және т.б. спортшылар өнер көрсетеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink