Италияның Бусто-Арсицио (Италия) қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Қазірге дейін қазақстандық боксшылар Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жеті лицензия алды.

Италияда Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) жолдама алды. Былтыр Жазғы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) пен Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Олимпиада алдында лицензия берілетін тағы бір іріктеу турнирі бар, ол 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) өтеді.