Футболдан Түркия чемпионатының 29-тур ойыны өтіп, онда «Газиантеп» өз алаңында Стамбулдың «Бешикташын» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

«Газиантеп» - «Бешикташ» 2:0

Қазақстан құрамасы мен «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, 46 минутта ауыстырылды.

«Бешикташ» 46 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр. «Газиантеп» 31 ұпаймен 15-орында.