«Манчестер Юнайтед» осы жазда жартылай қорғаушы Жоау Невешті сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Mail ақпараты бойынша, 19 жастағы португалиялықтың трансферіне клубтың жаңа қожайыны Джим Рэтклифф қызығушылық танытып отыр. Трансфер құны 100 миллион фунттан асуы мүмкін.

Невеш - «Бенфика» түлегі. 2023/24 маусымында футболшы команда сапында барлық турнирде 43 матчтқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.