Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова Бусто-Арсициода (Италия) өтіп жатқан турнирде Олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда қазақстандық боксшы германиялық Карина Макси Клетцерден төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды - 2:3 .

Алуа Балқыбекова екі мәрте әлем чемпионатының жүлдегері атанған (2022 жылы - «күміс», 2023 жылы «қола»).