«Елімай» (Семей) клубының шабуылшысы, 21 жастағы Иван Свиридов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, И.Свиридов ел чемпионатында жарақат алған «Астана» ойыншысы Рамазан Кәрімовты алмастыратын болады.

И.Свиридов Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан ұлттық құрамаға қосылады. Иван Свиридов өткен жылы «Шахтер» (Қарағанды) құрамында 23 матчта 7 голдың авторы атанды. Биыл «Елімай» құрамында екі ойын өткізді.

Айта кетейік, 21 наурызда Қазақстан құрамасы Афиныда Ұлттар лигасы плей-офф бәсекесінің жартылай финалында Грекиямен сынға түседі. Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург жасыл алаңға шығады. 26 наурызда өтетін финал жеңімпазы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады.