Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Бусто-Арсицидиода өтіп жатқан турнирдің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/4 финалда ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесті. Жекпе-жекте Хальзова техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық боксшы Олимпида ойындарының лицензиясынан айырылып қалды.