Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін Қытай құрамасының сапында сынға түскен қандасымыз Данабек Байғазы ширек финалда қарсыласына жол беріп, Олимпиада жолдамасынан қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қытайлық этникалық қазақ боксшы лицензиялық турнирдің ширек финалында Норвегия боксшысы Омар Мохамед Шинамен жұдырықтасты. Өкінішке қарай, жекпе-жек барысында қазақ боксшысының қабағы жыртылып, нәтижесінде шаршы алаңдағы рефери жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті норвег боксшысына берді.