Қазақстандық Айбек Оралбай бокстан Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық олимпиадалық турнирде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның 92 келіге дейінгі салмақтағы қарсыласы америкалық Джамар Тулли болды. Жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілер шешімімен Айбек жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай турнирдің жартылай финалисті атанып, 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстаннан Қамшыбек Күнқабаев (+92 келі) пен Карина Ибрагимова (57 келі) алдағы Олимпиадаға жолдама алған болатын.