Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гамбургте өткен турнирдің негізгі кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде британиялық Кайл Эдмундтан 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 56 минутқа созылды.

Айта кетейік, негізгі кезеңнің жеребесі кейінірек тартылады.