Алматылық «Хан-тәңірі» 22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Айбар Айдарбекұлымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдарбекұлы «Жетісудың» түлегі, жартылай қорғаушы талдықорғандық команданың негізгі сапында барлығы 5 кездесу өткізген. Өткен маусымда ол алматылық «Жас Қыран» сапында ойнап, Бірінші лиганың 23 матчында 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.