Қазақстандық теннисші Александр Бублик Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өткен «Мастерс» турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда әлемнің 20-ракеткасы ATP рейтингінде 10-орында тұрған австралиялық Алекс де Минаурдан екі сетте 5;7, 0;6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

1/8 финалда Минаурдың қарсыласы неміс Александр Зверев немесе голландиялық Таллон Грикспор болады.