Түркиялық футболшы Арда Гюлер "Реал Мадрид" сапындағы алғашқы голын соқты және рекорд жаңартты.

Ла Лиганың 28-туры аясында "Реал Мадрид" пен "Сельта" командалары кездесті. Бұл матч 4:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілді. Ойынның 94-минутында 19 жастағы жартылай қорғаушы Арда Гюлер мергендік танытты.

Opta Jose агенттігінің хабарлауынша, Арда Ла Лигада гол соққан ең жас (19 жас 14 күн) түркиялық ойыншы атанды. Ол 2017 жылы 20 жасында гол салған Эмре Мордың рекордын жаңартты.