Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
1/8 айналымда Махмұд Пуэрто-Рико өкілі Тирадо Паганды 5:0 есебімен жеңді.
Төрешілер бірінші раундта Махмұдқа 4:1 ұпайын берсе, екінші раундты 3:2 есебімен қарсылас еншісіне қалдырды.
Десе де, Махмұд Сабырханның үшінші раундтағы дәл соққылары ешкімге күмән қалдырған жоқ.
Комментарии