Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Эльжана Таниева Марбеллада (Испания) өткен Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эльжана доппен жаттығудың финалында 33,400 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Турнирдің күміс жүлдесін Тахмина Икромова (Өзбекстан, 32,600) жеңіп алды, Екатерина Веденеева (Словения, 32,200) үздік үштікті түйіндеді.