Алматыда OCTAGON 56 турнирінің басты жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) отандасы Мурад Абдурахмановпен (9-2) кездесті.

Әу баста Даидов өзбекстандық Ислом Болтаевпен кездесетін болған. Бірақ кездесуге аз уақыт қалғанда Болтаев жекпе-жектен бас тартып, оның орнын Абдурахманов басқан.

Жекпе-жекке күтпеген жерден шыққанына қарамастан, Мурад керемет нәтижеге қол жеткізді. Ол екінші раундтың ортасында лига чемпионын қапы қалдырып, оны мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты.

Осылайша, Мурад Абдурахманов OCTAGON лигасының жаңа чемпионы атанды.

Айта кетейік, Абдурахманов ММА-дан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы атанған, ол финалда қазіргі UFC файтері ресейлік Магомед Анкалаевты жеңген.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink