Қазақстан ұлттық құрамасының және «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Роман Савченко хоккейдегі мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскемендік 35 жастағы түлек 11 жыл бойы Астананың «Барысы» намысын қорғады. Елордалық команданың құрамында ол 500-ден астам кездесу өткізді. Хоккейші Қазақстан құрамасы сапында тоғыз әлем чемпионатында да өнер көрсетті.

2018 жылы Роман Савченко Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейге кеткен. ҚХЛ-да «Сибирь» және «Локомотив» командаларында да ойнаған. Қорғаныс ойыншысының статистикасы лигадағы 650 матчта жинаған 161 (59+102) ұпайды қамтиды.

2022-2023 жылғы маусымда Роман Савченко Қазақстанның кезекті чемпионатында «Номадтың» намысын қорғап, 26 кездесу өткізіп, 9 (3+6) ұпай жинады.