Алматыдағы OCTAGON 56 турнирінің негізгі жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Онда ұйымның жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы өзбекстандық Достон Бозоров (9-1) пен қазақстандық Нұрбек Тәжібаев (6-2) күш сынасты.

Кездесу толық бес раундқа жалғасып, өзбекстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бозоров жеңіл салмақтағы жаңа OCTAGON чемпионы атанды және кәсіпқойдағы қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) отандасы Мурад Абдурахмановпен (9-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink